«Суға түсу – рақат, ал қауіпсіздік – міндет!»

Бүгін колледжімізде “Суға шомылу қауіпсіздігі “негізінде ДТЖЖО А.Серікбай жиналыс жасап суға шомылу ережелері және қауіпсіздігімен таныстырды.

Жаз – демалыс пен сергектіктің маусымы. Алайда бір сәттік жауапсыздық орны толмас өкінішке алып келуі мүмкін. Сондықтан, суға түсу кезінде әр адам қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті.

«Демалыс деген – еркіндік емес, жауапкершілікпен келетін бақыт. Қауіпсіздік өзіңе деген құрметтен басталады.»

Суға түсу кезінде есте сақтаңыз:

1. Тек арнайы рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз.

Бейтаныс, жабайы су қоймаларында ағыс, тереңдік, түбі қауіпті болуы мүмкін.

2. Аш қарынға, ішімдік ішкеннен кейін, қатты шаршағанда суға түспеңіз.

Бұл – есінен тану немесе аяқ-қолдың тартылуына себеп болады.

3. Су тереңдігі белгісіз жерге секірмеңіз.

Сүйек сынуы немесе мойын жарақаты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

4. Жалғыз шомылмаңыз.

Кенеттен көмек қажет болса, қасыңызда біреу болыңыз.

5. Жүзуді білмесеңіз, терең жерге бармаңыз.

Өзіңізге шыншыл болыңыз. Жүзуді үйрену – маңызды дағдылардың бірі -,деп түсіндірме жұмысын жүргізді.

Студенттерге үндеу:

Өмір – ең қымбат сый.

Достарыңмен қызықты сәттер өткіз – бірақ қауіпсіздік бірінші орында болсын.

Сенің қауіпсіздігің – ата-анаңның тыныштығы, болашағыңның кепілі

Суға түсу – спорт та, демалыс та. Бірақ ол әрқашан сақтықты талап етеді.

Аман-есен, жарқын жаз тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *