Бүгін колледжімізде ерекше білім беруді қажет ететін студенттердің ата-аналарымен кездесу өтті.
Тақырып: «Ерекше білім беруді қажет ететін студенттің дамуына отбасы мен колледждің ықпалы»
Жиналыс барысында колледждің директоры Ж.Ақтөремен ата-аналар бірлесе отырып:
– баланың әлеуетін дамыту жолдарын;
– отбасылық қолдаудың маңызын;
– колледж мамандарының қызметін және өзара әрекеттесуді талқылады.Сонымен қатар жиналысқа келуге мүмкіндігі болмаған ата-аналарға «ZOOM» байланысы ұйымдастырылып, қатыстырылды.
Колледж директоры Ж.Ақтөре:
Әрбір бала — қайталанбас әлем. Оның табысты болашағы тек колледждің емес, ата-ананың да белсенді қолдауына тікелей байланысты деп жиналысты қортындылады.
Бірлесе әрекет етсек – ерекше жетістікке қол жеткіземіз!

