Бүгін колледжімізде “ӨЗ ӨМІРІМ – ӨЗ ҚОЛЫМДА” тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Мақсаты:қыз баланың өмірлік таңдауына, жауапкершілігіне, денсаулығына бағытталған.
Жиналыстағы өзекті мәселелер негізінде:
1.Колледждің мейірбикесі Н.Жүнісбек :ерте жүктіліктің денсаулық пен болашаққа әсері бойынша қыздармен ашық талқылады.
2.Педагог-психолог Махаббат Кенжебаева: Зорлық-зомбылықтың түрлері және “Жоқ” деп айту мәдениетін түсіндіріп ,қыз баланың өзін бағалауы, ішкі тәртібі мен шекарасы туралы ой бөлісіп кеңес берді.
3.Қыздар төрайымы Лайла Султан :тәртіп – бұл сыртқы ереже емес, өзіңе деген ішкі құрмет. Қай жерде жүрсек те –колледжде, көшеде, желіде – өзіміздің сөзіміз, жүріс-тұрысымыз, киіміміз арқылы өзіміздің қандай адам екенімізді көрсетеміз,-деп жиналысты қортындылады.
⠀
Жиналыс барысында :
рөлдік ойындар, пікірталас, рефлексия арқылы қыздар өз ойын ашық айтып, өмірдегі маңызды шешімдерге дайын болудың маңызын түсінді.
⠀
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.
Әр қыз – болашақ ана, болашақ отбасының жүрегі.
⠀
Психологиялық қолдау мен бағыт беру – біздің міндетіміз.



