№18 колледжде «Жұмысшы мамандарды еңбек нарығында орналастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс- шараны колледж директоры Ж.Ақтөре ашық деп жариялап, оған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, аудандық Мансап орталығының өкілдері және қала мен аудан кәсіпкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелде еңбек нарығына жұмысшы мамандарды тиімді орналастыру, жас түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау мәселелері талқыланды.
Мансап орталығының еңбек ресурстарын мониторингілеу және болжау бөлімінің маманы Т.Қалиева мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары жөнінде ақпарат беріп, жұмыс берушілерді осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.
Кәсіпкерлер өз тарапынан кондитерлік цехқа – кондитер, өндірістік кооперативтерге – ауыл шаруашылық мамандары, зауыттарға – дәнекерлеушілер тапшы екенін айтып, колледжбен бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
Шара соңында қатысушыларға колледжбен әлеуметтік серіктестік орнатып, ынтымақтастықта жұмыс атқарғандары үшін алғыс білдіріліп, Алғыс хаттар табысталды.
Шараның негізгі мақсаты – білікті жұмысшы мамандарды еңбек нарығына тарту арқылы жастардың болашағына жол ашу.



