«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»
№18 колледжде»Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша 2025-2026 оқу жылының қаңтар айы Заң және тәртіп» айы шеңберінде 1 курс студенттерімен барлық топ жетекшілері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Түсіндірме барысында кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, интернет және әлеуметтік желілер арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар, буллинг пен бопсалаудың құқықтық салдары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, нақты өмірден алынған мысалдар арқылы заң бұзушылықтың салдары түсіндіріліп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.



