16.02.2026 жылы №18 колледждің мәжіліс залында конституциялық реформа «Жаңа конституция» туралы референдум өткізу үшін құрылған жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысқан жиналыс болды. Жиналысқа жалпыұлттық коалиция мүшесі ҚР парламенті мәжіліс депутаты Қайрат Рахымұлы Балабиев қатысып, колледж ұжымы мен жоғарғы курс студенттеріне 15 наурыз күні болатын конституциялық реформа референдум туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.




