№18 колледжде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы 2025-26 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес «Қыз бала отбасының шырайы» тақырыбында қыздар жиналысы болды. Жиналысты колледж директоры Ж.Ақтөре ашық деп жариялап, қыздарға «қызға қырық үйден тиым» сөзінің мәнісі мен мағынасы туралы ойларымен бөлісті. Колледж медбикесі А.Медетбек «Қыздардың жеке бас гигиенасын сақтау» туралы түсіндірді.


