Сүйінші хабар!
№18 колледждің АӘжТД пәнінің оқытушысы Утельбаев Тойжан Өтебекұлы Астана қаласында өткен республикалық жарыста 1 орын алып мерейімізді үстем етті.
№18 колледждің АӘжТД пәнінің оқытушысы Утельбаев Тойжан Өтебекұлы Астана қаласында өткен республикалық жарыста 1 орын алып мерейімізді үстем етті. Әріптесіміз Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай АӘжТД жетекшілері арасында «Пневматикалық винтовкадан ату мен автоматты жартылай бөлшектеп жинаудан» республикалық турнирде 1 орын алды. Ол сонымен қатар «Үздік АӘжТД қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Әріптесімізге құтты болсын деп тілектестік білдіре отырып, студенттерге бар білгенін үйретіп, патриоттық тәрбиенің жоғарғы үлгісін көрсете береді деп сенім білдіреміз.




