«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы»
Жаңа Конституция жобасында білім саласына ерекше мән беріліп отыр. Құжатта білім мен ғылым ел дамуының стратегиялық басым бағыты ретінде қарастырылып, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету — мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екені айқын көрініс тапқан. Бұл — қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
«Жоба азаматтардың тегін орта білім алу құқығын сақтай отырып, жоғары білімге тең мүмкіндіктер жасауға негіз болады. Сонымен қатар мұғалімдердің құқықтарын қорғау, педагог мәртебесін нығайту, білім беру сапасын арттыру және заманауи мектеп инфрақұрылымын дамыту бағыттары қолдау табуда. Бұл — мектеп пен ұстаз беделін көтеруге жол ашады. Білім саласын дамытуға жұмсалатын ресурс — болашаққа бағытталған инвестиция. Сондықтан аталған бастамалар елдің тұрақты дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және мұғалім еңбегінің лайықты бағалануына қызмет етеді
№18 колледж директоры Ақтөре Жандос Жарылқасынұлы

